424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Достық станциясы бағытында жүктің жекелеген түрлеріне шектеу шаралары енгізіледі

  • 137
  • UPD: 14:54, 07.07.2021
Достық станциясы бағытында жүктің жекелеген түрлеріне шектеу шаралары енгізіледі

Достық станциясы бағытында жүктің жекелеген түрлеріне шектеу шаралары енгізіледі.

Олар 11 шілдеден бастап іске қосыла бастайды және 10 күнге, яғни 20 шілдеге дейін созылады. Уақытша тыйым Достық станциясына одан әрі ҚХР-ға мына жүктерді: түсті кен, тас көмір, мұнай коксын тасымалдауды қабылдауға қолданылады.

Тыйым ҚХР тарапынан жүктердің уақтылы қабылданбауына байланысты енгізіледі. Қазіргі уақытта халықаралық түйісулерде қозғалыссыз 145 пойыз қалдырылды. Тыйым салу қолданылған кезде вагон ағынын азайту және тоқтап тұрған вагондарды, бірінші кезекте Қытай тарапы қабылдайтын номенклатурасы мен көлемі бойынша азық-түлік жүктері бар вагондарды тапсыру басым міндет болады.

Ақпарат көзі: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы