Таза су, көкөністер мен жемістер ауа райы ыстық кездегі негізгі диета болуы керек.
Бұл туралы дәрігер маман Андрей Тяжельников айтты, деп хабарлады РИА Новости.
Оның айтуынша, күн ыстықта дененің су-тұз теңгерімін бақылау керек.
«Ыстық ауа райында таза су ішіп, қантты және газдалған сусындардан бас тартқан абзал. Кофенің де мөлшерін асыра пайдаланбаңыз», - деді.
Алкогольден де бас тартуға шақырды, өйткені алкоголь терморегуляцияны бұзады және жүрек-қантамыр жүйесіне шамадан тыс күш түсіреді.
Сондай-ақ майлы ет тағамдардан гөрі, күн ыстықта жеңіл сорпа, салаттар мен сүт өнімдерін пайдалануға кеңес берді.