424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада алдағы жексенбі күні қоғамдық көлік жүрмейді

  • 128
  • UPD: 13:39, 08.07.2021
Елордада алдағы жексенбі күні қоғамдық көлік жүрмейді Liter.kz

Нұр-Сұлтан қаласында алдағы жексенбі, яғни 11 шілде күні қалалық және қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер жүрмейді.

Бұл күні автобустарға дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік тоқтатылады.

Естеріңізге сала кетейік, автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Бетперде режимін сақтау міндет болып саналады.

Ал жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы.

Хабар 24 телеарнасы