ЭЦҚ кілтін флешкамен алып жүрудің қажеті болмайды

Қазақстанда осы жылдың соңына дейін бұлтты электронды цифрлық қолтаңбаны енгізу жоспарланып отыр.

Жоба eGov платформасында іске асады. Бұл туралы онлайн брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, жаңа қызмет ЭЦҚ алу процесін айтарлықтай жеңілдетуге және оны жоғалтпауға мүмкіндік береді. Жалпы ЭЦҚ алу Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ең жиі сұралатын қызметтердің бірі. Былтырдың өзінде 5 миллионға жуық қазақстандық электронды цифрлық қолтаңба алуға өтініш берген. Бұл қызметке сұраныс барлық өтініштердің 30 процентін құрайды. 

Сүйеніш Әбділдин, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

- Өткен жылдың күзінен бастап mGov мобильді қосымшасында биометриялық деректер арқылы авторизация мен тіркеуді іске қостық. Бұлтты ЭЦҚ осы биометриялық деректер бойынша болады. Жүйенің өзі файлдық болмайды. ЭЦҚ қашықтағы серверлерде сақталады және биометриялық сәйкестендіру арқылы алынады.

Сондай-ақ...