Газдалған сусындар зат алмасуға қалай әсер етеді?

Барлығымызға белгілі, қантты газдалған сусындар ағзаға зиян.

Олар семіздікпен қатар, әртүрлі аурулардың қаупін арттырады.

Газдалған сусын құрамында фруктоза бар. 2012 жылы фруктоза қосылған сусындарды белсенді түрде ішетін адамдарда зат алмасу едәуір баяулайтынын көрсеткен зерттеу жүргізілді.

Сондай-ақ ағзадағы триглицеридтердің деңгейі жоғарылайды. Триглицеридтің жоғары деңгейі және көп мөлшердегі калориядан болған артық салмақ метаболикалық синдромға әкеледі. Бұл синдром жүрек ауруы мен қант диабетінің даму қаупін арттырады.

Сонымен бірге құрамында фруктозасы көп тағамдар салмақты арттырып қана қоймай, метаболизмді бәсеңдетеді.