Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Синоптиктердің айтуынша, 10-12 шілде күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.

«Каспий теңізінің аудандарындағы циклон әлі де бүкіл ел бойынша өз әсерін сақтайды. Осыған орай 10-12 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде нөсерлі жаңбыр жауып найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін және дауыл болады», - деп хабарлайды «Қазгидромет».

Атап айтқанда, еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, дауыл және екпінді жел болады деп күтілуде.

«Батыста ауа температурасы түнде +15+23, күндіз +27+35 градус. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +10+20, күндіз +18+28, ал елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +12+21, күндіз +18+33 градус. Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнгі температура +15+25, күндіз +27+38 градус ыстық болады»,- делінген хабарламада.

Сондай-ақ...