Еліміздің бірқатар аймағында ауа райы туралы ескерту жарияланды

Қазақстанның тоғыз облысында және Нұр-Сұлтан қаласында найзағай мен желдің күшеюіне байланысты 12 шілдеде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Нұр-Сұлтанда 12 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с.

12 шілдеде күндіз Ақмола облысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз кей жерлерде екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда 12 шілдеде таңертең және күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

12 шілдеде түстен кейін Ақтөбе облысында кей жерлерде найзағай ойнайды. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Аймақтың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі бар.

12 шілдеде түнде Атырау облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Күндіз жел солтүстік-батыстан, солтүстікте кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады. Күндіз ыстық 36 градусқа жетеді. Өрт қаупі сақталады. Атырауда 12 шілдеде күндіз 35 градус ыстық болады.

12 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с. 12 шілдеде Өскеменде найзағай ойнайды деп күтілуде. Оңтүстік-шығыс жел, күндіз оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-18 м/с. Семейде бұл күні найзағай жарқылдайды., желдің жылдамдығы 15-18 м/с жетеді. 1

2 шілдеде Қостанай облысында найзағай, бұршақ, тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан жел, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Кейбір жерлерде өрт қаупі сақталады. Қостанайда 12 шілдеде найзағай ойнап, тұман түседі деп күтілуде. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.

12-13 шілдеде Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай ойнайды. Түнде кей жерлерде тұман түседі. 12 шілдеде күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы15-20 м /с. Кейбір жерлерде өрт қаупі сақталады.

12 шілдеде Іле Алатауы мен Жетісу Алатауында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Қырғыз Алатауы: күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай ойнайды, бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Батыс Алтай: кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұрқасын, бұршақ. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Тарбағатай: жаңбыр. Кей жерлерде найзағай, бұрқасын, бұршақ. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, 9-14, кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

12 шілдеде Қызылорда облысында кей жерлерде найзағай ойнайды. Батыс, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Аймақтың көп бөлігінде өрт қаупі сақталады.

12 шілдеде түстен кейін Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Өңірдің басым бөлігінде өрт қаупі сақталады.

12 шілдеде түстен кейін Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Осы күні Петропавлда найзағай ойнайды деп күтілуде. Түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м /с.