Ескерту: Еліміздің тоғыз облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жауын жауып, жел соғады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек батыс аймақтарда күн райы ашық болады. Синоптиктердің болжамынша, мұндағы ауа температурасы күндіз 34 градусты көрсетеді. Ал орталық аймақтарда күн бұлттанып, жаңбыр жауады. Түнде термометр бағаны 12, күндіз 16 градус жылылықты көрсетеді. Ақмола, Петропавл, Талдықорған, Таразда, Алматы мен Шығыс Қазақстан облысында да жауын-шашын күтіледі. Түркістанның таулы аймақтарында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Осы орайда синоптиктер еліміздің 9 облысында дауылды ескерту жасады.