423,92 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

  • 225
  • UPD: 11:59, 14.07.2021
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстан бойынша 15-17 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Оңтүстік облыстарды қоспағанда, Қазақстанның барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты бұрынғыша сақталатын болады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен күн күркіреп жаңбыр жауады. Кей жерлерде екпінді жел, оңтүстікте шаңды дауыл байқалады.

Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

«Батыста ауа температурасы түнде +15+23℃, күндіз +25+38℃, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +6+20℃, күндіз термометрлер +10+28℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +7+20℃, күндіз +15+30℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+23°С, күндіз +27+38°С болады», - делінген.

Хабар 24 телеарнасы