Вакцина: балалар және жүкті әйелдерге әсері қалай болары тексеріліп жатыр

Коронавирусқа қарсы вакциналардың сынақ мерзімі аяқталған жоқ. Қазір 3-кезеңі өтіп жатыр.

Бірақ негізгі деген сұрақтарға жауап алынды. Бұл жөнінде Дәрілік заттар мен медициналық бағыттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы Александр Гуляев мәлімдеді.

Айтуынша, бүгінге дейін оның тиімділігі және денсаулыққа кері әсері сияқты тетіктер зерттелді. Ал енді жасөспірімдер, балалар және жүкті әйелдерге әсері қаралып жатыр. Одан кейін сынақтың 4-кезеңі басталады. Қазақстанда 7 миллионнан астам адам вакцина алып үлгірді. Оның ішінде екі компонентті 2 жарым миллион адам салдырды.

Александр Гуляев, медицина ғылымдарының докторы, профессор:

- Вакциналардың клиникалық зерттеуі жалғасып жатыр. Яғни оның әсері кеңінен қаралып, жан-жақты сарапталады. Одан кейін тағы бір кезең бар. Ол кезде мүлде басқа мәселелер қаралады және ол ешқашан бітпейді деуге болады. Яғни заман талабына сай вакцинаға әртүрлі өзгерістер не жаңашылдықтар енгізілуі мүмкін. Екпеге қатысты сұрақ әлі де көп. Бірақ негізгі дегендеріне жауап алынды.