Елорданың вирус жұғу қаупі жоғары жерлері аталды

Сауда орталықтары, мейрамхана және тамақтану орындарында коронавирус жұқтыру қаупі жоғары. Дүкен немесе супермаркеттерде инфекция тез таралады.

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органы өкілдері хабарлады. Коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі қоғамдық орындарға барып, өзгелерге қауіп төндіреді. Дәрігерлердің нұсқауына бей-жай қарайды. Сонымен қатар отбасы жағдайында вирус жұқтыру дерегі жиіледі. Ал қоғамдық көлікте санитарлық тазалықтың уақытылы жүргізілуіне байланысты қауіп біршама сейілген.

«Керісінше көңіл көтеру орындарында жағдай алаңдатарлық», - дейді санэпидқадағалау мекемесінің мамандары.

Жанна Пірәлиева, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары:

- Әлі де той-думандар жасалып жатыр. Сол шараларды толық сақтамағандықтан көбіне ауырып жатыр. Одан кейін арақашықтық, маска да кимейді. Сондықтан көп адам кейде ұмытып та кетті. Және сақтағысы да келмейтін адамдарды біз байқап отырмыз.