424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жұмыс берушінің қанша жалақы, табыс салығы мен төлемдер аударғанын тексеруге болады

  • 146
  • UPD: 10:41, 16.07.2021
Жұмыс берушінің қанша жалақы, табыс салығы мен төлемдер аударғанын тексеруге болады

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы «Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» сервисін іске қосты.

Ол қызметкерге есептелген жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыруға әлеуметтік аударымдардың сомаларын қарап шығуға мүмкіндік береді. Сервисте 2020 жылдың барлық кезеңін қарауға болады.

Деректерге қол жеткізу үшін электрондық цифрлық қолтаңба немесе SMS құпиясөзі арқылы сәйкестендіруден өту қажет. SMS хабарламасы мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) тіркелген ұялы телефон нөміріне түседі.

Деректерді қарау үшін «Салық әмияны», «Қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» қосымша бетін таңдап, жыл мен кезеңді таңдау қажет.

Бастапқы кезеңде жұмыс берушілері бюджетпен есеп айырысу кезінде жалпыға бірдей белгіленген режимді немесе оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын, жеке тұлғалар деректерді қарай алады.

Мәліметтер болмаған немесе деректер сәйкес келмеген жағдайда салық есептілігін түзету үшін жұмыс берушіге жүгіну қажет. МКД «E-Salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасын «App Store» немесе «Play Market»-тен жүктеуге болатынын еске салады.

Хабар 24 телеарнасы