424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елдегі локдаун талаптары: нені білген жөн?

  • 468
  • UPD: 13:28, 16.07.2021

Елде санитарлық талап күшейді. Қауіпті аймаққа өткен өңірлерде карантин қатаңдатылып жатыр. Осы ретте отандастарымыз нені білуі керек? Тап қазір тікелей байланысқа санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев шығып тұр. Ол бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысын егжей-тегжейлі түсіндіріп бермек.

 - Жұмыс істейтіндер екпенің бірінші компонентін 10 тамызға дейін, ал екі бірдей дозасын 1 қыркүйекке дейін салдыру керек. Олай істемеген жағдайда жұмыстан қуыла ма? 

- Қаулыда «өзге елдерден келген отандастарымыз енді 3 күн оқшауланады» делінген. Бұл көлікпен немесе пойызбен қатынайтын жолаушыларға ғана қатысты ма? Әлде ұшақпен келген отандастарымыз да осы тәртіпке бағына ма? Олардың ПТР анықтамасы немесе вакциналау паспорты болса да сынама тапсыруға міндетті ме? 

- Бүгіннен бастап жұмыс беруші коронавирусқа қарсы екпе алмаған қызметкерлерді жұмысқа кіргізбеуіне құқылы. Бұл барлық мекемелерге қатысты ма? Мекемелердің бұл талаптарды орындап отырғандығын қалай бақылайсыздар? 

- Қазір біраз адам медициналық қарсы көрсетілімі бар деген анықтама ала алмай жүр. Ондай кезде кімге шағымдануға болады?  

- Елде «Спутник V»-ден басқа вакцина жоқ деп біраз адам айтып жүр. Қытайлық препараттың шектеулі көлемін ғана алдырғанын білеміз. Ал «ҚазВак» неге тапшы?  

- Денсаулық сақтау министрлігі америкалық «Пфайзер» компаниямен келісімге келді деген ақпарат тарады. Олардың екпесі осы күзде Қазақстанға жеткізіледі екен. Қандай көлемде?

- «Спутник Лайт» дейтін тағы бір ресейлік вакцинаны тіркедік. Оны қашан сала бастайды? Бұл екпенің басқа вакциналарға қарағанда тиімділігі төмен бе?

Хабар 24 телеарнасы