Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Қазақстан бойынша 17-19 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Елдің көп бөлігінде Солтүстік циклонның фронтальды бөлімдерінің әсерінен әлі де жаңбыр жауады. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында құрғақ және ыстық болады. Кей жерлерде екпінді жел, солтүстікте кей жерлерде тұман күтіледі.

«Батыста ауа температурасы түнде +17+25℃, күндіз +28+39℃, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +6 +21℃, күндіз термометрлер +20+36℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +7+20℃, күндіз +23 +35℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+22°С, күндіз +29+40°С болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.