Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

17-19 шілде аралығында таулы жерлерде жаңбырға байланысты Алматы облысының таулы аудандарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

17-18 шілдеде Қарағанды облысының кей желерінде 35 градус ыстық болуы ықтимал. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, 15-20 м/с. 18 шілдеде кей жерлерде найзағай күтіледі.

17 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, тұман болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с. Петропавлда 17 шілдеде түнде және таңертең тұман, күндіз найзағай күтіледі.

Қызылорда облысында 17 шілдеде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

17 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Көкшетау қаласында 17 шілдеде найзағай күтіледі.

17 шілде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай соғады. Күндіз 36 градус қатты ыстық. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Оралда 17 шілде күндіз 36 градус қатты ыстық болады.

Атырау облысында кей жерлерде 17 шілдеде найзағай күтіледі. Күндіз 37 градусқа дейін қатты ыстық. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қаласында 17 шілдеде күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі.