424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ескерту: Алматы облысында өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі

  • 142
  • UPD: 12:57, 17.07.2021
Ескерту: Алматы облысында өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі фото: inform.kz

Алматы облысындағы өзен-көлдерде су деңгейі көтеріледі.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Синоптиктердің хабарлауынша, 17-19 шілде аралығында таулы жерлерде жаңбыр жауады.

«Осыған байланысты Алматы облысының таулы аудандарында беткейде ағын қалыптасады және өзендерде су деңгейі көтеріледі», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 14 шілде күні Алматы облысының Кербұлақ ауданында нөсер жаңбырдан кейін қатты сел жүрген болатын.

«Көксу шатқалында жаңбыр мен бұршақ жауып, салдарынан балшық ағыны жүріп өтті. Осыған байланысты Көксу орман шаруашылығының бірінші кордонына апаратын жол жабылды. Қазір сел тоқтады. Жол тазартылды. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Күн райына байланысты төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарын ауа райындағы өзгерістерді бақылап, сақтық шараларын ұмытпауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы