424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемнің бірнеше еліндегі ең биік 8 ғимарат

  • 149
  • UPD: 12:26, 22.07.2021
Әлемнің бірнеше еліндегі ең биік 8 ғимарат

Егер әлемдегі ең биік 10 ғимаратты алатын болсақ, онда олардың көпшілігі Қытайда орналасқан болады. Сондықтан әртүрлі елдегі ең биік ғимараттарды жинадық.

Әлемдегі ең биік ғимарат

Дубайдағы Бурдж-Халифаның биіктігі – 828 метр.

Азиядағы ең биік ғимарат

Шанхай мұнарасы – биіктігі бойынша әлемдегі екінші, ал Шығыс Азия мен Қытайдағы ең биік мұнара. Оның биіктігі – 632 метр.

Еуропадағы және Ресейдегі ең биік ғимарат

Бұл биіктігі 462 метр болатын Лахта орталығы.

Мәскеудегі ең биік ғимарат

Бұл – Мәскеу қаласындағы «Федерация мұнарасы», биіктігі – 373 метр.

АҚШ-тағы ең биік ғимарат

Бұл – Дүниежүзілік сауда орталығы. Бұл ғимараттың биіктігі – 417 метр, бірақ тек төбесінде шпиль орнатылған, оның биіктігі 541 метрді құрайды.

Оңтүстік Америкадағы ең биік ғимарат

Чилидегі Гран Торре Сантьяго биіктігі 300 метрлік зәулім ғимарат. 

Африкадағы ең биік ғимарат

Йоханнесбургтегі Карлтон орталығының ұзындығы – небәрі 223 метр, бірақ ол салынған кезде (1967) бұл Оңтүстік жарты шардағы ең биік ғимарат болды.

Австралиядағы ең биік ғимарат

Бұл – Голд-Кост қаласындағы биіктігі 323 метр болатын Q1 ғимараты.

Хабар 24 телеарнасы