Аптап ыстыққа байланысты тоғыз өңірде ескерту жарияланды

Күндіз 24 шілдеде Ақмола облысында 35-37 градус қатты ыстық сақталады, облыстың батысында 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 24-25 шілдеде Қарағанды облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Күндіз 24-46 шілдеде Жамбыл облысының кей жерлерінде 44 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Күндіз 25 шілдеде Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Күндіз 25 шілдеде Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 46 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 25-27 шілдеде Маңғыстау облысында 44 градус өте қатты ыстық күтіледі.