Синоптиктер: Алдағы күндері күн күркіреп, екпінді жел соғып, өткінші жаңбыр күтіледі

Елімізге әсер ететін антициклонның әсерінен республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты салқын ауа массалары жылудың төмендеуіне әкеледі. Оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл көтерілуі мүмкін. Еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы төмендеп, түнде 8-16, ал күндіз 17-30 градус болады. Орталық және шығыста түнде 8-18, ал күндіз 22-30 градус жылы болады.

Ал алдағы күндері ел аймақтарында күн күркіреп, екпінді жел соғып, өткінші жаңбыр, сондай-ақ бұршақ жауады деп болжануда.

Сондай-ақ...