Қауын кейбір адамдар үшін қауіпті – диетолог

Қауын асқазан-ішек жолдары ауыратын адамдарға қауіпті, деп хабарлайды «Хабар 24» wi-fi.ru сілтеме жасап.

Ол іш жүргізуші ретінде әрекет етуі мүмкін.

«Қауын - калориясы төмен болғанына қарамастан, қорытылуы қиын өнім: 100 грамм өнімге шамамен 35 килокалория. Қауынды аш қарынға немесе басқа тағаммен, оның ішінде жеміспен жеуге болмайды - бұл газ немесе диарея тудыруы мүмкін», - деді диетолог Ольга Кораблева.

Дәрігер қауынды тамақ ішкеннен кейін бір сағаттан соң жеуге кеңес берді. Ал гастрит, жедел панкреатит, холецистит және асқазан жарасы аурулары өршіген адамдар қауыннан бас тартқаны жөн.