425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Олимпиаданың бес сақинасы нені білдіреді

  • 216
  • UPD: 14:57, 29.07.2021
Олимпиаданың бес сақинасы нені білдіреді Knews.kg

Биыл Олимпиада туы Токио төрінде желбіреп тұр. Бес сақина бейнеленген тудың тарихы туралы не білеміз?

Бүгінде біз тамашалап жүрген заманауи Олимпиадалық ойындарды алғаш ойлап тапқан Пьер де Кубертен 1912 жылы тудағы сақиналарды да рәміз ретінде ұсынған және ол Антверпен қаласында болған 1920 жылдың жазғы VII Олимпиадалық ойындарында көрсетілген.

Кейін 1988 жылы жаңа туға ауыстырылады. Қазіргі кезде Швейцарияның Лозанна қаласындағы Олимпиада ойындарының мұражайында сақтаулы тұр.

Қызықты оқиға: 1920 жылы Антверпенде өткен Олимпиада ойындары алғаш рет түрлі-түсті сақиналары бар жалаумен өтті. Бірақ ол тек 2 күн ілініп тұрды, содан кейін із-түзсіз жоғалып кетті. Қайда жоғалғаны тек 80 жылдан кейін ғана анықталды. Дайвингтен Олимпиада ойындарының жүлдегері Хейг Прист оны ұрлап кеткен. Спортшы туды 2000 жылы Олимпиада комитетіне қайтарып берді.

 

 

Олимпиададағы түрлі түсті сақиналар бес түрлі құрлықты білдіреді: Еуропаны, Азияны, Африканы, Америка мен Океанияны. 

Бес сақинаны мағынасы: бес құрлықты да бәсекеге қатысуға, атсалысуға және бейбітшілікке шақыру, сонымен қатар, бес құрлықтың да спортшыларына өз бақтарын сынауға мүмкіндік берілетіндігін білдіру екен. Бүгінде аталған нышанды қолдануға қатысты қатаң кодекс қабылданған. Мәселен, ол кодекс бойынша олимпиада сақиналары қара түсті фонда бейнеленсе де, сақинананың қара түсін өзгертуге тыйым салынған.

Ақпарат көзі: wikipedia.org

Хабар 24 телеарнасы