Алматыға QazVac вакцинасының 5 мыңға жуық дозасы жеткізілді

Алматыға қазақстандық QazVac вакцинасының бірінші және екінші компонентінің 5 мыңға жуық дозасы жеткізілді.

Екпе барлық мединалық мекеме мен вакциналау орындарына таратылды. Бүгіннен бастап қала түрғындары отандық вакцинаны салдырып жатыр.

Еске сала кетейік, QazVac инактивті вакцина. Екпе 21 күн аралығында екі рет салынады. Шетелдік баламаларынан айырмашылығы - оны сақтау мен тасымалдау жеңіл.

Айгүл Асен, № 7 емхананың бас дәрігері:

- «Казвак» вакцинасы 28 шілде күні жеткізілді. Біз бұған дейін де отандық екпені тұрғындарға салған болатынбыз. Мәселен, біздің емханада 350 адам алды. Ешқандай кері әсері болған жоқ. Бүгін 10 адам алды. Арнайы «QazVac» вакцинасын салдырамыз» деп, күтіп жүргендер бар. Ертеңнен бастап вакцина алуға келетіндер саны көбейе түседі деп отырмыз.