425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

  • 375
  • UPD: 10:43, 30.07.2021
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстан бойынша 31 шілде мен 2 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамы жарияланды.

«Тамыз айының басынан бастап Иранның аудандарынан елдің батыс жартысына жылы және құрғақ ауа массалары келе бастайды. Олар ауа райын жауын-шашынсыз орнатады және ауа температурасының 33-38-ге, кей жерлерде 43-ке дейін көтерілуіне әкеледі. Алайда республиканың қалған аумағы атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болады – мұнда жаңбыр жауады. 31 шілдеде оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста екпіні 25 м/с, шаңды дауыл күтіледі. Ауа температурасының күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста 27-36 градусқа дейін көтерілуі күтілуде, оңтүстікте 35-40 градус сақталады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы