423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елімізде вакцина салдырған 7656 адамға коронавирус жұққан

  • 226
  • UPD: 22:05, 04.08.2021

Елде вакцина салдырған 7656 адам коронавирус жұқтырған. Мұның 3610-ы екпенің бірінші бөлігін алса, қалған 4 мыңнан астамы қос компонентті де салдырған. 

Вирус жұқтырғандардың 6500-ден астамы «Спутник Ви» екпесін қабылдаған. Ал коронавируспен ауырғандардың 767-і «Хаят Вакс», 178-і «коронавак», ал 133-і «QazVac» ектірген. Сондай-ақ вирус жұқтырғандардың ішінде шетелде екпе салдырғандар да бар.  

Манар Смағұл, ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы филиалы директорының орынбасары:

- Елімізде шетелдің вакцинасын алған адамдар бар. Пфайзер вакцинасынан кейін науқастанған адамдардың саны екеу. Биотек вакцинасымен біреу. Джонсон біреу және модерна біреу. Және синофарм екі адам. Олар шетелден вакцина алып келген адамдардың саны.

Хабар 24 телеарнасы