WhatsApp көптен күткен қосымшаны енгізді

WhatsApp мессенджері қарап шыққаннан кейін жоғалып кететін фотосуреттер мен бейнелер функциясын енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24» wi-fi.ru сілтеме жасап.

Әзірлеушілер медиафайлдар галереяға автоматты түрде жүктелетіндіктен, құрылғы қоймасында көп орын алады деп шағымданған пайдаланушылардың сынына құлақ түрді.

«Сондықтан бүгін біз ашылғаннан кейін чаттан жоғалып кететін фотосуреттер мен бейнелерді бір рет қараудың жаңа мүмкіндігін ұсынамыз. Бұл мүмкіндік пайдаланушыларға қарым-қатынастың құпиялылығын одан әрі бақылауға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Компанияның хабарлауынша, жоғалып кеткен фотосуреттер мен бейнелер қарапайым хабарламалар сияқты шифрланған.

Қосымша барлық пайдаланушыға бір апта ішінде қолжетімді болады.