435,10 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Смартфон суға түсіп кетсе не істеу керек

  • 281
  • UPD: 22:39, 03.01.2022
Смартфон суға түсіп кетсе не істеу керек wi-fi.ru

AMarkets аналитикалық бөлімінің басшысы Артем Деев смартфон суға түсіп кеткеннен кейін телефонды қалпына келтіру жолдарын атады, деп хабарлайды «Хабар 24» wi-fi.ru сілтеме жасап.

«Оны бірден қосуға болмайды, бұл қысқа тұйықталуға алып келуі мүмкін. Егер ол бұрын қосылған болса, смартфонды өшіріп, кептіру үшін батареяны, сондай-ақ SIM картаны алып тастау керек», – деді сарапшы.

Құрылғыны, батареяны және SIM картаны кептіру үшін кем дегенде бір күн қажет. Одан кейін де телефон қосылмаса немесе сұрауларға жауап бермесе, сервистік көмек қажет болады.

Маман танымал халықтық әдістерден аулақ болуға және құрылғыны күрішке немесе тұзға салмауға кеңес берді. Смартфонды және оның бөлшектерін жылу батареясына қоймау керектігін де ескертті.

Хабар 24 телеарнасы