Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды.

6 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде 38 градусқа қатты ыстық, өте жоғары қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 6 тамызда найзагай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

6-8 тамызда Қызылорда облысында солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с шаңды дауылмен сақталады. Күндіз 42 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 6-8 тамызда күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі.

6 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Көкшетау қ.: күндіз 06 тамызда найзағай күтіледі.

6 тамызда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с. Күндіз 41 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ: 6 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ: 6 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі.

6 тамызда Батыс Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: күндіз 6 тамызда 35 градус қатты ыстық сақталады.

7 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. 6-7 тамызда кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз 7 тамызда кей жерлерде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең 6-7 тамызда кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күндіз 6, тәулік бойы 7 тамызда кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 7 тамызда екпіні 25 м/с. Петропавл қ: 6-7 тамызда найзағай күтіледі. Күндіз 7 тамызда бұршақ күтіледі. 6-7 тамызда түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күндіз 6, тәулік бойы 7 тамызда екпіні 15-20 м/с.