Француз маникюрі қайтадан сәнде: карантинде жасауға болатын 10 түрі

Бірнеше жыл бұрын классикалық француз маникюрі сәннен кеткен болатын. Алайда 2021 жылы тырнақ мамандары оны қайта жандантты. Оған себеп – пандемия. 

Карантин мен локдаунда отырған қыз-келіншектер тырнақтары сәнді, алайда тез өсіп кеткені білінбес үшін жаппай француз маникюрін жасататын болған. Әсіресе, түрлі-түсті бояумен жасау трендке айналған.

Біз француз маникюрінің бірнеше түрін жинастырдық. Шабыт алыңыз да, салонға барыңыз!