Ұйқыңыз тыныш болсын десеңіз...

Британиялық дәрігер Радж Каран өзінің Tiktok-тағы аккаунтында «10-3-2-1» әдісі жайлы айтып берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол арқылы ол тез ұйықтап, ұйқысы қанып оянатынын алға тартады. Дегенмен аталған пункттердің ешқайсысы орындалмай қалмауы керек, әйтпесе бәрі бекер.

Соңғы кофе саптаяғын ұйқыға дейін 10 сағат бұрын ішу керек, одан кешіктіруге болмайды. Дәрігердің сөзіне қарағанда, осы уақыт аралығында кофеин ағзадан шығып үлгереді. Әйтпесе сусын жүйке жүйесін сергітіп, ұйқыға кедергі келтіреді.

Тамақты да ұйқыға кетерден 3 сағат бұрын жеген дұрыс. Сонда жеген асыңыз қорытылады. Тиісінше қыжыл да мазаламайды. Таңға дейін ұйқыңыз да тыныш. Маман кешкілік уақытта мәзірден алкогольді ішімдіктерді де алып тастауға кеңес береді.

«Жұмыстан – төсекке» принципінен де алшақ болған жөн. Сондықтан кез келген жұмысты ұйқыға дейін 2 сағат бұрын аяқтау керек. Бұл жүйке жүйесі мен мидың тынығып, ал адамның босаңсуына көмектеседі.

Ал ұйқыға кетерден 1 сағат бұрын жарық пен теледидарды, гаджеттерді сөндіру қажет, сонда ағзада мелатонин бөлінеді. Себебі экрандағы көк түс осы гармонның бөлінуіне кедергі келтіреді.