Спорттық аяқ киімді жуу: 5 кеңес

Спорттық аяқ киімді жуу: 5 кеңес
ufa.elementshop.ru

Қазір адамдардың көбі ыңғайлы спорттық аяқ киім кигенді жөн көреді.

Жаз болған соң оны жиі жуып тұрған дұрыс және төмендегі кеңестерді ескерсеңіз тіпті жақсы.

1. Қандай кроссовкаларды кір жуғыш машинада жууға болмайды?

Былғары, күдері, декоративті элементтері бар, ашық түсті металл қабықпен жасалған аяқ киімдерді кір жуғыш машинада жумаған жөн.

2. Спорттық аяқ киімді жуар алдында не істеу керек?

Аяқ киімді жуар алдында бауы мен ұлтарағын алып тастап, оларды қолмен жуған дұрыс.

3. Кір жуатын машинада қалай жуу керек?

Бір уақытта 2 жұптан артық жууға болмайды және оларды арнайы қапқа салған дұрыс. Оны 30-40° C температурасына қойып, ең аз айналдыруды таңдаңыз.

4. Қандай ұнтақпен жуған жөн?

Ұнтақты жуу қиын, ол дақ қалдыруы мүмкін. Сондықтан сұйық өнімді қолданған дұрыс.

5. Қалай кептірген дұрыс?

Аяқ киімді батареяға қоймаңыз, бөлме температурасында кептіру керек. Ішіне қағаз немесе сүлгі салуға болады.