Қауынды қалай таңдаған дұрыс

Қазір көшеде қауын мен қарбыз көтеріп бара жатқан адамды жиі кездестіретін шығарсыз.

Алайда оларды дұрыс таңдаудың маңызы зор.  

Қарбыз туралы бұған дейін жазғанбыз, ал қауынды қалай таңдау керектігін білесіз бе?

1. Дұрыс орын

Қауынды супермаркет, базар және дүкеннен алған дұрыс. Онда қауын қолайлы жағдайда сақталады. Жол бойынан алмауға тырысыңыз, себебі ол зиянды токсиндерді сіңіреді.

2. Қауын қандай болуы керек?

Егер сіз дақсыз, ойығы жоқ бүтін қауын сатып алсаңыз, қателеспейсіз. Ешқашан кесілген қауын сатып алмаңыз, бұл сапа көрсеткіші емес. Онда ағзаға зиянды заттар жиналуы мүмкін.

3. Дыбыс

Қауынды ақырын ұрып көріңіз. Егер дыбыс қатты шықса. қауын тым ерте жұлынған.

4. Түсі

Негізгі түсінен сәл ашық бір ғана дөңгелек дақ болса, алуға болады. Қара дақтар - қауынның бұзыла бастағанының белгісі.

5. Жұмсақтығы

Жеңіл басқанда, қауын аздап басылу керек. Егер бұл болмаса, онда ол піспеген. Саусақтарыңызбен басқанда ойық пайда болса, жеміс жақсы піскен.

Сондай-ақ диетлогтар қауынның кей адамдар үшін қауіпті екенін де ескертеді.