Үйде дәмді және хош иісті кофені қалай дайындауға болады

Егер сіз кофесіз өмір сүре алмасаңыз, міндетті түрде кофеханаға күнде жүгірудің қажеті жоқ.

Біз сіздер үшін үйде дайындауға болатын кофе рецептін ұсынамыз.

1. Туркада 2-4 қасық қантты баяу отта карамель күйіне дейін ерітіңіз. Араластырып тұрыңыз, себебі күйіп кетуі мүмкін.

2. Оған екі қасық ұнтақталған кофені қосыңыз. Отты одан да баяулатыңыз.

3. Турканың мойнына дейін жетпей су құйыңыз. Дәмді болуы шін даршын қоссаңыз болады.

4. Карамель, су мен кофені араластырыңыз. Егер карамель жабысып қалса, қасықпен жақсылап араластырыңыз.

5. Кофе араласқан соң, баяу отта тағы ұстаңыз.

6. Көбік үш рет көтерілгенше күтіңіз: яғни көбік шетінен ағып кетпеуі кофені оттан алып, көбік басылғанда қайтадан отқа қойыңыз, осылай үш рет қайталаған жөн.

7. Тұнба турканың түбінде қалуы үшін 1-2 минут күтіңіз және кофені ыдысыңызға құйсаңыз болады. Ас болсын!