Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен бұршақ күтіледі

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, алдағы күндері еліміздің солтүстігі мен орталығында және шығысының кей жерлерде қатты жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай ойнап екпінді жел соғады.

Ауа температурасы түнде 8...15-ке дейін төмендейді, күндіз 17... 22 градус жылы болады. Республиканың қалған аумағында антициклон құрғақ және шуақты ауа райын қамтамасыз етеді. Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық болады деген болжам бар.