Елордадағы Бараев көшесі ауданындағы көлік айрығында жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Бараев көшесі ауданындағы жол айрығындағы жол жабынын жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмыстары жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Осы жылдың 13-16 тамызы аралығында Республика даңғылынан А.Бараев көшесіне дейінгі оң жақ бұрылыстағы автокөлік құралдары үшін және А.Бараев көшесінен Тәшенов көшесіне дейінгі оң жақ бұрылыстағы съезде қозғалыс ішінара жабылады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз», – делінген көлік басқармасының хабарламасында.