425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Пандемия кезінде демікпесі бар науқастар дәрігерге аз жүгінетін болған

  • 173
  • UPD: 09:16, 19.08.2021
Пандемия кезінде демікпесі бар науқастар дәрігерге аз жүгінетін болған

Коронавирус пандемиясы кезінде демікпесі бар науқастарда ауруының қозуы сиреген.

Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлайды. Олар жергілікті ғалымдардың зерттеуін жария еткен. Оған сәйкес соңғы бір жарым жылда Ұлыбританияда коронавируспен ауруханаға түскен адамдардың тек 14%-інде ғана демікпесі болған екен. Негізі бұған дейін керісінше, тыныс алу жолдарының аурулары бар науқастар, ковидке қатысты осал топқа жатады деп саналған. Алайда британдық ғалымдар демікпесі бар 100 мың адамның медициналық карталарын тексеріп шыққан. Сөйтсе, олардың пандемия кезінде дәрігердің көмегіне жүгіну оқиғалары 20%-ке азайыпты. Корольдікте ғана емес, АҚШ-та ұқсас жағдай байқалған. Кейбір мәлімет бойынша мұның себебі карантинмен байланысты болуы мүмкін. Өйткені адамдар сыртта жүрмей, үйде көп отыратын болған. Ал тысқа шыққанның өзінде масканы шешпеуге тырысады.

Хабар 24 телеарнасы