D дәруменіне бай тағамдар аталды

Адам ағзасына D дәрумені қажет, өйткені ол көптеген маңызды процестерге қатысады.

Мамандардың пікірінше, D дәрумені сүйектердің саулығы үшін кальций мен фосфордың сіңуін жақсартуға қажет. Сондай-ақ бұл витамин созылмалы аурулармен байланысты қабынуды азайтуға көмектеседі, рак клеткаларының өсуін баяулатады және қан тамырлары ісіктерінің пайда болуын азайтады.

Д витаминін екі жолмен алуға болады: тағамнан және күннен. D дәрумені жоғары тағамдардың қатарына ақсерке, майшабақ, балық майы және тунец жатады.

Мамандар балық жемейтіндер D витаминін жұмыртқаның сарысынан алуға болатынын атап өтті. Бір жұмыртқаның сарысында шамамен 37 МЕ D дәрумені бар. Сонымен қатар аталған витамин түрі саңырауқұлақтарда да кездеседі: олар күн сәулесінің әсерінен D дәруменін өздері түзеді.

Ақпарат көзі: wi-fi.ru

 

Сондай-ақ...