Кофе несімен пайдалы?

Кофе несімен пайдалы?
wi-fi.ru

Кофе тек сергітіп қоймай, көптеген пайдалы қасиетке ие. Мұны диетологтар да растайды.

Медициналық New England Journal of Medicine журналының зерттеуі бойынша кофе жүрек пен бауырды нығайтады, инсулинге төзімділіктен қорғайды және тіпті психикалық денсаулықты жақсартады.

Тағы бір зерттеу күніне 1-3 кесе кофе ішетін адамдардың өмір сүру ұзақтығы артып, өлім қаупі 15% төмендегенін анықтады. Яғни ондағы антиоксиданттар жүрек-тамыр жүйесін жақсартады.

Кофе көңіл-күйді жақсартады. Гарвард ғалымдары орта жастағы 50 мыңнан астам әйелді зерттеп, кофе ішетіндердің депрессиядан аз зардап шегетінін анықтады. Сусын сонымен қатар Паркинсон мен Альцгеймер ауруынан қорғай алады. Яғни кофеин мен кофе құрамындағы май қышқылдары ми нейрондарын қорғайды.

Сондай-ақ кофеин спортшылардың күшін, жылдамдығын және дәлдігін жақсартады және бұл әсер кез келген жерде 60 секундтан бірнеше сағатқа дейін созылуы мүмкін.

Ақпарат көзі: wi-fi.ru