Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бұрынғыша ауқымды антициклон, Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райына әсерін сақтап қалады.

Негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек солтүстік-шығыс пен батыста, фронтальдік бөліктердің өтуімен өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауылмен жел күшейеді. Температура фоны күндіз солтүстікте, орталықта 23...35 жылуды, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 28...39 жылу, шығыста 17...28 жылуды құрайды. Елдің батысында әлі де ыстық ауа райы болмақ – температураның негізгі фоны 33...41 жылу аралығында болмақ.