Найзағай, бұршақ, екпінді жел: Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі

Қазақстанның 2021 жылдың 24-26 тамызына арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Атмосфералық фронттардың өтуімен республика аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Найзағай, бұршақ, екпінді желмен қысқа мерзімді жаңбыр жауады.

Республиканың барлық аймақтарында температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты болады деп болжануда: батыста түнде 17...22, күндіз 32...39 жылы, солтүстікте түнде 13...18, күндіз 30...35 жылы, орталықта және республиканың шығысында түнде 11...17, күндіз 27...33 жылы, оңтүстікте түнде 15...22, күндіз 32...39 жылы.