425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жеті өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 324
  • UPD: 22:22, 25.08.2021
Жеті өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Күндіз 26 тамызда Батыс Қазақстан облысында 36 градус ыстық күтіледі. Өрт қаупі сақталады.

Күндіз 26 тамызда Атырау облысында 39 градус қатты ыстық сақталады. Облыста өрт қаупі бар.

Күндіз 26-28 тамызда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 26 тамызда тәулік бойы жел тұрады, ал 27-28 тамызда солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Өрт қаупі сақталады.

Күндіз 26 тамызда Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады.

25 тамызда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарда найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан батысқа ауысатын желдің күші найзағай жарқылдаған кезінде күшейіп, 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Өрт қаупі сақталады.

Күндіз 26 тамызда Қостанай облысының батысында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күші найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз өңірдің басым бөлігінде 37 градус қатты ыстық болады. Облыстың орталықта, оңтүстікте және батыста өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында 38 градусқа градусқа дейін қатты ыстық болады. Өрт қаупі сақталады.

Хабар 24 телеарнасы