424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Байзақтағы жарылысқа байланысты кейбір жолаушылар пойыздары уақытша тоқтатылады

  • 404
  • UPD: 17:42, 27.08.2021
Байзақтағы жарылысқа байланысты кейбір жолаушылар пойыздары уақытша тоқтатылады Tickets.kz

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Жамбыл облысындағы жарылысқа байланысты кейбір жолаушылар пойыздарының жүруін тоқтату туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

Жамбыл облысы Ақшолақ-Үшбұлақ аралығындағы ТЖ салдарынан Түрксіб-Тараз учаскесінде жолаушылар пойыздары қозғалысының жабылуына байланысты мына жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылады:

- Алматыдан 2021 жылғы 27 тамызда бір күнге жөнелтілетін №71 Алматы-2-Түркістан;

- Алматыдан 2021 жылғы 27 тамызда бір күнге жөнелтілетін №321 Алматы-2-Сарыағаш;

- Шымкент қаласынан 2021 жылдың 27 тамызында бір күнге жөнелтілетін №26 Шымкент-Алматы-2.

«Тоқтатылған пойыздарға бұрын жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген жолаушылар қайтаруды ресімдеп, ақшалай қаражатты ұстап қалусыз толық көлемде ала алады.

Жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайтару бойынша түсіндірме алу үшін Whats App: 8-707-270-36-64 нөміріне хабарласуға болады», – делінген мәліметте.

Жолаушылардан барлық сұрақтар бойынша вокзалдардың анықтама қызметтеріне хабарласа алады:

Алматы-2 станциясы 8-7272-96-13-15

Алматы-1 станциясы 8-7272-96-33-90

Луговая станциясв 8-263-13-61-05

Шымкент станциясы 8-7252-95-21-24

Тараз станциясы 8-7262-96-24-59

Шу станциясы 8-7264-36-36-82

Қызылорда станциясы 8-7242-29-21-35

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі арқылы білуге болады.

Бұған дейін пойыздардың кешігетінін мәлімдегенбіз. Сондай-ақ Алматы-Ташкент-Термез жолында қозғалыс шектелді.

Соңғы мәлімет бойынша жарылыс құрбандарының саны 9-ға жетті.

Қ.Тоқаев жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты.

Жамбыл облысында жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетіндігі айтылды.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін Шымкенттен «төтеншеліктер» барды. Мамандар әскери қоймада қандай заттардың жарылғанын мәлімдеді.

Осы оқиғадан соң Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Тараздағы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг өтті.

Осы тақырып бойынша:

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды

Хабар 24 телеарнасы