31 тамызда елордалық қоғамдық көлік жаңа бағытпен толығады

31 тамыздан бастап елордалық қоғамдық көлік жаңа № 26 қалалық бағытпен толығады. 

Жаңа бағдар «Агроқалашық («Айдана» дүкені) - «Бағыстан» ТК» бағытымен қатынайтын болады және Байсейітова, Конституция, Қарталы, Қарасай батыр, Біржан Сал, Гёте, Есенберлин, Бейбітшілік көшелері мен Бөгенбай батыр, Сарыарқа, Тұран, Ұлы дала даңғылдары арқылы жүреді. Осылайша жаңа бағдар «Бағыстан» ТК тұрғындарын көліктік қызметпен қамтамасыз етеді.