Бірқатар облыста ауа райы туралы ескерту жарияланды

1-3 қыркүйекте күтіледі: Іле, Жетісу Алатауы: өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ. Шығыс, солтүстік-шығыс желі, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Қырғыз Алатауы: 1-2 қыркүйекте өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ. Солтүстік-шығыс желі, 1-2 қыркүйекте найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Талас Алатауы: 01 қыркүйекте өткінші жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыс желі, 1 қыркүйекте найзағай кезінде 15 м/с. Батыс Алтай: 1 қыркүйекте жаңбыр, найзағай. Тарбағатай: жаңбыр, найзағай. Солтүстік, солтүстік-батыс желі солтүстік-шығыс желіне ауысады, найзағай кезінде 15-20 м/с.

1 қыркүйекте Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 1 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

1 қыркүйекте Алматы облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстік-батысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

1 қыркүйекте Қарағанды облысының шығысында түнде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

1 қыркүйекте Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Найзағай кезінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түнде 1 қыркүйекте Павлодар облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында тұман күтіледі.

1 қыркүйекте Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

1 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік, солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м /с күтіледі.