425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қыркүйектің басына арналған ауа райы болжамы

  • 250
  • UPD: 13:32, 01.09.2021
Қыркүйектің басына арналған ауа райы болжамы news.glavred.info

Қазақстан бойынша 2-4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында үсік жүреді.

Еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасының төмендеуіне алып келген суық солтүстік-батыс антициклоны, шығыс-бағытқа ауысып, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік өңірлерінде топырақ бетінде түнгі үсік жүруі мүмкін. Еліміздің батыс өңірлерін, сондай-ақ атмосфералық фронттардың ықпалымен 2-3 қыркүйекте қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді деп күтілетін елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарды қоспағанда, антициклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының күндіз 25-30-ға дейін, республиканың оңтүстік жартысында 37 градусқа дейін біртіндеп көтерілуі күтіледі. Тек еліміздің батысында 17-25 жылы болады деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы