Жаңбыр, бұршақ, найзағай: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Күндіз 3 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе қ.: 3 қыркүйекте күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.