425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бес өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 550
  • UPD: 07:05, 05.09.2021
Бес өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Елдің 5 өңірінде күн бұзылып, қолайсыздық туындайды.

Қостанай облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Ал елдің батысында дауыл тұрып, бұршақ жауады. Метеорологтар Түркістан облысында да таңертеңнен бастап күшті жел тұрып, найзағай ойнайтынын айтады. Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында да желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Жаңбыр жаууы ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы