423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

БАҚ-тағы сөздің қате қолданылуын түзеуге арналған сөздік шықты

  • 241
  • UPD: 20:47, 06.09.2021
БАҚ-тағы сөздің қате қолданылуын түзеуге арналған сөздік шықты

Елордада «Сөзтүзер. Қате қолданыстар сөздігінің» тұсаукесер рәсімі өтті. Құнды басылым отандық ақпараттық құралдарда жарияланған материалдарға жасалған мониторинг негізінде дайындалған.

Дұрыс қолданылмаған сөз тіркесі, ескерілмеген буын үндестігі және тікелей аудармалар кітапқа арқау болды. Назарға алынған 55 ақпарат құралы 3500 сөз бен сөз тіркесін қате қолданған. Олқылықтың орнын толтыруға бағытталған ауқымды жобаға білікті лингвистер, журналистер, сондай-ақ кәсіби редакторлар қатысты. Идея авторы Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев. Жобаға филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы жетекшілік етті.

Шерубай Құрманбайұлы, филология ғылымдарының докторы:

- Біз алдымен қате қолданысты сөздікте көрсетеміз. Содан кейін БАҚ мысал көрсетіледі. Қатенің асты сызылады. Содан кейін сол қатенің неге қате екені дәлелденеді де кейін қолданушы дұрыс нұсқасын алып пайдалана алады.

Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің комитет хатшысы:

- Мен ең қарапайым сөзді айтайын. Осы көпшілік журналистеріміз «біз» деген сөз бар. Көпше біз дейді. Соған «дер» деген жалғауды қосып, біздер деп сөйлейді. Бұл тыңдаушыға құлағын кесіп кеткендей болады. Осылай қателіктерге жол бермей, әркім өз сөзіне ие болатын болса, біздің эфиріміз де түзелетін еді. Сондықтан бұл сөздіктің практикалық жұмыста көп пайдасы тиеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы