Ковид жұққандар тұмауға қарсы вакцина салғызбағаны жөн – Дәрігер

Коронавирус жұқтырғандар кәдімгі тұмауға қарсы вакцина алмағаны жөн. Себебі түрлі асқынулар болуы мүмкін.

Дәрігерлер осылай дейді. Павлодар облысында өңірінде вакциналау науқаны басталады. Бір айлық иммундау шарасына 170 мың доза қажет болса, оның 70 мыңнан астамы сатып алынды. Тұмауға қарсы жаппай вакциналаумен егде жастағылар, медицина саласының мамандары, 18 жасқа дейінгі балалар және созылмалы ауруы барлар қамтылады. Сонымен қатар жүкті әйелдер де вакцина алады. Оларға медициналық қызмет тегін көрсетіледі. Мамандардың мәліметінше, науқан кезінде облыс халқының кем дегенде 15 проценті иммундалады.

Айдар Сейітқазинов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Коронавирустық инфекцияға шалдыққан азаматтар тұмауға қарсы вакцина алудан бас тартқан жөн. Себебі ағзаның иммунитеті толық қалыптаспады. Кез келген өзге шара кері әсерін тигізуі мүмкін. Вакциналаумен бірінші кезекте созылмалы ауруларға шалдыққан азаматтар қамтылады.

Сондай-ақ...