Дәрігер әдемі қартаюдың үш сырын атады

Ғалымдар қозғалыс денсаулықты сақтаудың басты күші екеніне сенімді. Дәрігер Александр Добровольский әдемі және бақытты қартаюдың үш сырын атады, деп хабарлайды «Хабар 24» wi-fi.ru сілтеме жасап.

Кез келген физикалық белсенділіктің адам ағзасына пайдасы орасан. Салауатты өмірді ұстанғысы келетін адам тіпті күнделікті өмірде лифті де пайдаланбай, баспалдақпен түсіп-мінуге әрекет жасайды. Дәрігер техникалардың дамыған уақытында қадам санайтын құралдың жүріп-тұруға көмегі зор екенін айтады.

Күніне 40 минуттық физикалық жаттығу сіздің ағзаңызға пайдалы болып қана қоймай, көңіл-күйіңізге де жақсы әсер етеді.

Сонымен қатар маман дұрыс тамақтанып, күйзеліске түспеу керектігін ескертті.

«Сізге көп қозғалып, дұрыс тамақтанып, өзіңізді және басқаларды жақсы көру керек, яғни жүйке жүйені сақтау маңызды. Егер адам осы үшеуіне мұқият назар аударса, қартайғанға дейін бақытты да үйлесімді өмір сүруге кепіл бар», - деді дәрігер.