Күзде саяхаттау несімен тиімді?

Егер сіз жазда демалып үлгермесеңіз, күз де – саяхат жасауға тиімді мезгіл. Оның себебі:

1. Төмен баға.

Жаздың аяғында демалыс маусымы аяқталады. Сонымен қатар қонақүйлер мен әуе сапарларына сұраныс төмендейді. Туристерді тарту үшін қонақ үйлер мен авиакомпаниялар тұру мен ұшуға айтарлықтай жеңілдіктер жасай бастайды. Сонымен қатар қонақ үйлерде сіздің әмияныңызды жұқартпайтын бағада бөлме жетерлік.

2. Демалушылардың аздығы

Қазір коронавирустық індетке байланысты адамдардың жаппай жиналуы денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін. Күзде жағажайларда, қалаларда және көлікте туристер азаяды. 

3. Ыңғайлы мезгіл

Бұл ең алдымен ыңғайлы ауа температурасына байланысты. Ыстық елдерде күндіз тыныс алу жеңілдейді, ал курорттарда теңіздегі су әлі де жылы. Кешке салқын болуы мүмкін, алайда сіз ашық кафелерде шарап немесе дәмді кофемен жылына аласыз.

4. Әсерлі табиғат

Күзде дәстүрлі түрде көптеген қызықты фестиваль мен мәдени шаралар өтеді. Еуропадағы ең бастысы – Октоберфест. Сонымен қатар қазан айында Берлинде қызықты Жарық мерекесі, ал қараша айында итальяндық Сан-Миниатода Трюфель мерекесі өтеді. Егер сіз одан әрі қарай жүрсеңіз – яғни АҚШ-қа, онда сіз Хэллоуин мерекесінің куәсі бола аласыз.

5. Жарқын бояу

Фотосурет жарқын түстерді жақсы көреді. Күз – табиғатта және қалаларда түрлі-түсті суреттер түсіретін мезгіл. Мысалы, Оңтүстік Корея мен Жапонияда күзде қызыл үйеңкі жапырақтарына таңдану ежелгі дәстүр болып саналады.